Тренингтер сотталғандарды талпындырады

ЗК-169/1 тергеу изоляторында мекеменің психологтары сотталғандардың мінез-құлқын түзетуге елеулі үлес қосып келеді. Соның ішінде психологтар тарапынан өткізілетін іс-шаралардың жазасын өтеушілерді оң бағытқа тәрбиелеудегі маңызы зор.
Сондықтан сала мамандары қылмысына сай жаза мерзімін алғандардың психологиялық жай-күйін жағымды жаққа бұрып, мерзімін өтеу барысында өмірден түңіліп кетпей, бостандыққа деген үмітке жетелеу мақсатында әр-түрлі тренигтер өтікізіп отырады.

Осы орайда, мекеменің аға психологы, әділет капитаны А. Мырзалы мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтарына «Мен басқаның көзімен» деген тақырыпта тренинг өтті.

  • Бұл азаматтар жігерлендіру мен көңіл аударуға зәру. Сол себепті де біз оларға осындай тренигтер арқылы , мотивация береміз. Яғни өткізілу шартына сай, ортаға бір адам кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтып баға береді. Нәтежиесінде, ортадағы сотталған өзінің жақсы жақтарын естіп, басқаның көзімен қандай адам екенін танып біледі. Оларға берілген баға көңіл- күйлерін көтеріп, еңбекке ынталандырады, — дейді аға психолог А.Мырзалы.

Шынында да, жақсы сөзге жан семірер деген, өзгелердің өзіне берген бағасы сотталғандардың жанын жадыратып, бостандыққа шығуға деген үмітін арттырады.

  • Менің мінез-құлқыма айтылған жоғарғы бағаның әсері ме? бүгінгі өткізілген тренингтен кейін, бойымда өз- өзіме деген зор сенімділік пайда болды. Бостандыққа шыққан соң, дұрыс өмір сүру жолына түсіп, бастаған кәсібімді әрі қарай жалғастырамын. Отбасыма, айналама пайда келтірер азамат болуға деген сенімім артты — деді. М есімді жазасын өтеуші жас жігіт.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...