Тренинг өтті

Адам кейде уайым жетегіне түсіп, әлдененің жетіспеушілігіне налып, немесе кемшіліктерді көтере алмай, өмірден түңіліп жүргенде, ғаламның тамашасы мен кереметін ұмытып кетеді. Бұл әлем үлкен мұхит болса, өмір-толқын. Өмірдегі әр нәрседен бақыт көре білген жан ғана әлемнің шексіз тамашасын ұғына алады. Осындай мазмұнда #79 мекемесінде психологтардың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30 шілде күні «Бұл әлем қандай тамаша» атты тренинг ұйымдастырылды. Сотталған азаматшалар белсенді қатысып,көңіл-күйлері көтеріліп,бір серпіліп қалғандарын айтпаса да сезілгендей болды. Өмірдің мәнін ұғына білу де өнер.Әлемнің кереметін жан дүниемен сезініп ләззат алу да бір ғаламат күш екені осы бір ғана тақырыпта көрініс тапты.Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мазмұны мен мәні бар тренингтер жалғасын таба бермек.

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...