Тосын сыймен басталған туған күн

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесінде көптеген жылдар бойы еден жуушы болып қызмет атқаратын Қалжанова Нұрсұлуды мекеменің жеке құрамы жаңа жылымен және туған күнімен құттықтады. Өзінің күнделікті қызметін қызмет бөлмелерінен бастайтын Нұрсұлу апаның жоспарын мекеменің қызметкері Бекнұр Сейдаханұлы дәлізге бір шелек суды абайсызда төгіп алып бұзды. Жоспардан тыс сол су төгілген жерден еден жууды қабағын шытпастан бастап кеткен Нұрсұлу апаны мекеме қызметкерлері тосыннан шығып қолдарындағы гүл шоқтары мен тәттілерін ұсынды. Бұл мекеме қызметкерлерінің еден жуушыны дәлізге қалдырудың өзара ойластырған тәсілі еді.
Деніңіз сау болсын! Біз сізді сыйлаймыз, жақсы көреміз, құрметтейміз. Біздің мекеме қызметкерлері атынан кішігірім сыйлықты қабыл алыңыз», – деді мекеме бастығы.

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...