«Тонауға отбасымен келген». Magnum қаңтар оқиғалары кезіндегі кадрларды жариялады

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде супермаркеттерді тонаған адамдарды саусақ іздері арқылы іздейтін болды. Тонауға келгендердің көбі, мысалы, Magnum дүкендерінде адамдар азық-түлік алмаған да, сол жерде ішіп-жеп кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Magnum өкілдері бүлік күндері түсіп қалған видеоларды жариялады. Кадрларда ондаған адам супермаркеттерден қолына түскенін жымқырып жатыр. Арасында жасы да, қарты да бар, ерлер мен әйелдер, бірінде қару бар, бірінде жоқ, маскамен де маскасыз да жүр. Сауда нүктелерін тонауға бүкіл отбасымен келген.

Желінің 15 дүкені түк қалдырмай тоналған. 11 маркет жартылай тоналған. Тағы үшеуі алдымен тоналып, кейін қиратылған. Magnum тәртіпсіздіктерден 11 миллиард теңгеге шығынға батып отыр. Бір қызығы, кей қарақшылар біраз уақыттан кейін кінәсін мойындап, залалды өтеуге өзі келеді екен.  

«Қазір полицияға ұсталғандар сотта жеңілдіктер болуы үшін залалды өзі өтеуге тырысып жатыр. Біз бас тартпаймыз, камераларға қарап, кім нені ұрлағанын қалпына келтіреміз», — деді Magnum сауда желісінің PR-менеджері Дмитрий Шишкин.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...