TO0 «Astana Unique» мекемесінде 48 сотталған жұмыс істейді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №3 қауіпсіздігі ең төменгі мекеменің аумағында орналасқан «Еңбек-Аршалы» РМК өндірістік базасында, Т00 «Astana Unique» өз қызметін шарт негізінде жүзеге асырады.
Бұл серіктестік директорының айтуынша, мекеме атынан жұмыс істейтін жұмысшылар өз жұмыстарын адал атқарып, 85 000 теңгеден жоғары еңбекақы алып жатыр. Жұмысшылар қажетті құрал-жабдықтармен, киіммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда қаламыздың көшелеріне жылы аялдамалар шығарыла бастады және орнатылуда. Айына 10 жылы аялдама орнатылып жатыр. TO0 «Astana Unique» мекемесінде 48 сотталған жұмыс істейді. Мекеменің түрмедегі еңбекті ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды ақылы жұмысқа тартуды жалғастыруда.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...