Тоқаев ҚХР Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті өзінің 2019 жылғы қыркүйекте Пекинге мемлекеттік сапары мен биылғы ақпанда ҚХР-ға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтардың жүзеге асырылуына оң баға берді, делінген Ақорда хабарламасында.

Екі ел арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестік туралы жоғары деңгейде бекітілген Декларация осы жұмыстардың негізгі бағыты екені атап өтілді.

Биыл біз мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Осыдан 30 жыл бұрын жаңадан бастаған едік, қазір стратегиялық серіктеспіз. Экономикалық ынтымақтастықта зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан мен Қытай әлемдік аренада, ең алдымен, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында жақын серіктестер саналады. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі даму деңгейіне көңілім толады. Дегенмен, бұл ынтымақтастығымыз дәйекті түрде дами беруге тиіс деп санаймын. Бір орында тұрып қалмай, жаңа нәтижелерге қол жеткізуіміз керек.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапарына Қазақстанның үлкен үміт артып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер қазақ-қытай қатынастарын дамытуға тың серпін береді.

Әңгімелесу барысында бітімгершілік және әскери-техникалық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік операцияларындағы қатысу географиясын кеңейтуге еліміздің дайын екеніне баса мән берді. Осыған байланысты Президент  Пекиннің аталған әмбебап ұйым аясында ұжымдық миссия өткізу туралы бастамасын қолдады.

Өз кезегінде Вэй Фэнхэ Қытай тарапының осы саладағы өзара тиімді кооперацияны одан әрі дамытуға дайын екенін растады. Оның пікірінше, Қарулы Күштердің әлеуетін арттыру және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту үшін жүзеге асырылып жатқан реформалар негізінен бұл бағыттағы жетістіктерге ықпал етеді. Министр Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына жоғары баға берді.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Елімізде тұмаудың қай түрі өршіп тұр?

Министрліктің мәліметінше, кейінгі бір аптада елімізде ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 жағдай анықталған.

Қытай көліктері Қазақстан нарығын өзгертті: Отандық автоөндірісті не күтіп тұр? 

Қытайлық брендтердің бәсекесі күшейген тұста Қазақстан автоөнеркәсібін не күтіп тұр және отандық өндіріс қалай дамуы мүмкін?

Дәмханалар мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады 

Жүйе мекемелерде қай әннің қанша рет орындалғанын тіркеп, авторлар мен орындаушыларға тиесілі сыйақыны есептеуге мүмкіндік береді.

Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстанның алты өңірінде жол жағдайы күрделенуі мүмкін 

25 қарашада Қазақстанның алты облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G желісі толық өшіріледі

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G мобайл байланыс желісін толық өшіріп, оның орнына 4G желісін дамыту жоспарланып отыр.