ТМД мемлекеттерінде сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтей алады

Мәжіліс депутаттары «Бас бостандығынан айыру жазасынан басқа үкім шығарылған азаматтарды елге қайтару туралы ТМД мемлекеттердің конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Конвенция ТМД-да сотталған азаматтарға тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеуге мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев сотталғандар немесе олардың заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу туралы өтініш бере алатынын мәлімдеді.

«Өтініш негізінде Бас прокуратура сұрау жібереді. Оған айыпталушының жазбаша келісімі, азаматтығын куәландыратын құжаттар, сот шешімі көшірмесі, мінездеме, келтірілген залал туралы мәліметтер қоса беріледі. Сотталған азаматты қабылдаған ел белгіленген жазадан қатаң емес үкім шығарады», — деді Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында.

Министрдің мәліметінше, қайтаруға шешім шыққан сәттен бастап сотталған адам 45 күн ішінде мемлекет аумағынан кетуге міндетті. Осы талап орындалмаған жағдайда айыпталушы заңсыз бостандыққа шығарылды деп саналады.

Сұрау келген уақытта жазасын өтеуші азаматтың қалған мерзімі алты айдан аз болса, ұлттық заңнамаға және жария тәртіпке қайшы келсе, егемендікке, ұлттық қауіпсіздікке қатер төнсе, айыпталушының іс-әрекеті жазаны орындаушы мемлекетте қылмыс болып табылмаса сотталған азаматты қайтару құпталмауы мүмкін.

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда пробация қызметі есебінде 447 шетелдік тұр. Оның ішінде Өзбекстан азаматтары — 216, Ресейден — 138, Қырғызстаннан — 38, Армениядан — 5.

ТМД елдерінде Қазақстанның 280 азаматы бас бостандығынан айыру жазасынан басқа үкімдер бойынша жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде: Ресейде — 251, Өзбекстанда — 24, Беларусьте — 3, Қырғызстанда — 2.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...