12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіс дәрігері Айгерім Аманқосқызы бірнеше пайдалы кеңес берді

Еліміздегі ең танымал жұлдыздардың тіс дәрігері, білікті маман Айгерім Аманқосқызы халық арасында тіс күтіміне қатысты көптеген жаңсақ пікірлер бар екенін айтады. Ең көп тараған жалған ақпараттардың тізімін осында жариялап, халыққа дұрыс ақпарат беруді жөн көрдік.

«Кәсіби тіс тазалау қауіпті!»

Стоматологияда да ойдан шығарылған қағидалар жетерлік.
Оларға елдің жатып алғаны соншалық, дәрігердің өзін оқытып тастайтын пациенттер болады
Солардың ішінде ең-ең деген 5 түріне тоқталамыз. Миф пен ақиқаттың ара жігін ажыратып алыңыздар

Ал сіз осы 5 ертегінің қанша түріне сеніп келдіңіз? Тағы қандай миф білесіз, жаза отырыңыз

Миф №1: Тіс өңезі (налёт) эмальды қорғайды

Көпшілік тісті қаптап тұратын өңез (налёт) — тіс эмалін бұзылудан сақтайтын жабынғы деп есептейді. Шын мәнінде ол— бактериялардың жинақталған шоғыры.

Стоматолог кеңесі:

Мұндай налёт уақытылы тазаланбаса, ол қаққа айналады. Уақыт өткен сайын қабатталып, қатайып, зиян бактерялардың ошағы ашылады. Бактериялар ауыз қуысын, тіпті ағзаны улауға көшеді. Салдарынан қызыл иек қабынып, шөгеді. Осы кезде тіс түбірі ашылып қалады, тіс түбірінің сезімталдығы оянып, бекемдігі жойылады. Кариестермен көрісуге дайындала беріңіз😏

Миф №2: профқұралдар мен электр щеткалары эмальды жояды

Бұл құралдарды көпшілік эмальдың өшіргіші деп қабылдайды. Алайда ол қате түсінік. Кәдімгі щеткамен тіс тазалауды көп адам дұрыс білмейді. Тіс түбірінің қиылып, желініп кетуі — щетканы дұрыс бағыттамау мен күш салып отырып жуу салдары.
Ал «профчисткада» тіс дәрігері ондай олқылықтарға жол бермейді. Сондай-ақ, маман таңдап берген кәсіби тіс щеткасы дұрыс бағыт, қозғалыс пен қажетті күшті өзі таңдайды👍🏻

Стоматолог кеңесі:

Әр пациенттің ауыз қуыс гигиенасын сақтау процедуралары жеке-дара тағайындалуы керек. Бұл — тіс және ауыз қуысының саулығын қамтамасыз ететін емдік және профилактикалық міндетті шара.

Аузы, тісі бар адам кемінде әр 3-4 айда 1 рет кәсіби тазартудан өтуі тиіс.

Миф №3: кәсіби тіс тазалаумен тіс ағарып кетпейді

Шыныңызды айтыңызшы, сіз де «профчистка» бос шығын, одан тіс ағармайды деп сеніп келдіңіз ғой 🥲

Стоматолог не дейді?

Әр адамның эмалінің табиғи түсі әртүрлі реңкте болады.
Күнделікті кофе, шай, түрлі бояуыштар қосылған сусын, тағамдардың әсерінен тіс реңкі өзгереді.

Кәсіби тазалау кезінде тісті қаптап тұрған налёт жабынғысы жуылады. Табиғи реңк ашылады. Оның еш зияны жоқ, керісінше өте пайдалы. Бұндай процедура әр адамға міндет тіпті.

Миф №4: кәсіби тазартудан соң тіс сезімтал болып қалады

Иә, дәл солай. Бірақ, чистка эмальді жуып, кетіріп тастауының кесірен емес. Керісінше.
Кәсіби тазалау процедурасында тісте қабатталып қалған қақ, жинақталған тастар жуылады. Бұл орындар ашылған соң, сол аймақтардың сезімталдығы оянады. Мұндай дискомфорт шамамен 1 аптада толық тоқтайды. Міне, көпшіліктің шатасатын тұсы — осы.

Стоматолог әрекеті:

Тіс тазалап болған соң тіске фторлы препараттар жағылады.
Үй күтімі үшін пациентке қабынуға қарсы, өткір емес тіс пастасы мен ауыз шаюға арналған құралдар тағайындалады.

Миф №5: брекет киіп жүргенде кәсіби тазарту процедурасын жасауға болмайды

Бұл брекет конструкциясын бұзады, өзгертіп жібереді деп түсінеді көпшілік.
Осындай қорқыныш себепті профчисткаға мүлде бармайтындар да бар.

Стоматолог кеңесі:

Брекет киіп жүрген пациент кемінде 3 айда бір рет кәсіби тазартудан өтуі тиіс.
Үйде қанша жерден тазаладым дегенмен, брекет тұрған аймақтарда қуыс-бұрыштары дұрыс тазаланбай қалып қояды. Кариес пен түрлі бактерияға дайын бола беріңіз сосын
Ал күнделікті күтім үшін арнайы ирригатор сатып алған дұрыс.

Стаматологтың желідегі парақшасы: @dr.aikerim_amanqosovna

В области Жетісу привели в порядок дорогу, которую не ремонтировали почти 30 лет

В области Жетісу проведен ремонт дороги до отдаленного села...

Жетісу облысында 30 жылдай жөнделмеген шалғайдағы ауылға апаратын жол жасалды

Жетісу облысында шалғайдағы Көпбірлік ауылына апаратын жолдың жөндеуі аяқталды. Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында «Үштөбе...

Казахский Национальный Университет имени аль-Фараби:Научные достижения на мировой арене

Казахский Национальный Университет имени аль-Фараби (КазНУ) — это флагманский...