spot_img
spot_img

Тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы ҚАЖ қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Гүлбану Сембиева Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудегі басты мақсат- мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілдері бойынша оқыту курстары туралы ақпарат беру.

Кездесу барысында бөлім басшысы оқыту орталығындағы білікті мамандар мемлекеттік тілді біркелкі қолдану және тіл мәдениетін арттыру мақсатында қазақ тілінің функционалдық қызметінен бастап, оның салалары, жаңа терминдер, іс-қағаздар жүргізу стилі, ресми құжаттарды дайындау туралы білім беретінін және оқыту курстары мемлекеттік бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлерге тегін жүргізілетіндігін түсіндіріп, сондай-ақ курсты толық аяқтаған қызметкерлерге сертификаттар табысталатындығын атап өтті.

Түсіндірме нәтижесінде қызметкерлер оқыту курстарына жазылуға ниет білдірді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

9-14 мамыр аралығы Алматы облысында Халықаралық «Ұлы дала жорығы»...