Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды дамып келеді. Бұл үдеріс сот жүйесін де айналып өткен жоқ. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жаңғырту бағытында цифрлық технологияларды енгізу сот төрелігінің тиімділігі мен ашықтығын арттырудың маңызды құралдарының біріне айналды.

     Сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар ең алдымен уақыт пен ресурстарды үнемдеуге бағытталған. Бұл бағыттағы бірнеше маңызды жетістіктерді атап өтуге болады: «Сот кабинеті» сервисі  жүйе арқылы азаматтар үйден шықпай-ақ талап арыз беріп, істің барысын бақылай алады. Бұл бюрократиялық кедергілерді жойып, сотқа жүгіну процесін жеңілдетті. Қашықтан өткізілетін сот отырыстары, бейнеконференция байланысы арқылы тараптардың сотқа келу қажеттілігі азайды. Бұл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға үлкен жеңілдік болды.

      «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сот істерін автоматты түрде бөлу жүйесі адам факторын азайтып, істердің судьялар арасында әділ бөлінуін қамтамасыз етеді.

      Цифрландыру тек мүмкіндіктер ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілікті де жүктейді. Технологиялар дамыған сайын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, яғни сот істеріндегі жеке мәліметтер мен құпия ақпараттардың кибершабуылдардан қорғау қажет, кез келген ақпараттық ақау жүйеге деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін.

      Сондай-ақ, жасанды интеллект элементтерін енгізу, сот практикасын талдау және электрондық деректер базасын дамыту сот жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Бұл технологиялар сот актілерінің бірізділігін қамтамасыз етуге және сот тәжірибесін жүйелеуге көмектеседі.

      Технологияны пайдалану мүмкіндігі шектеулі немесе цифрлық сауаттылығы төмен азаматтардың құқықтары шектелмеуі қажет. Сот жүйесін цифрландыру сот төрелігінің тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады.

      Ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану сот қызметінің ашықтығын, қолжетімділігін және жеделдігін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

               Шалқар аудандық соты әкімшісінің басшысы

                                    Нұржамал Ерниязова

Динара Сәдуақасова өңірлердегі жас шахматшыларға арналған атаулы шәкіртақы тағайындады

Қазақстанның танымал шахматшысы Динара Сәдуақасова Халықаралық шахмат күніне орай...

Как ИИ поможет предотвратить аварии, а инженеры – сохранить природу: международный семинар прошел в ЕНУ

           Искусственный интеллект, цифровые двойники городской инфраструктуры, экологичные технологии строительства,...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӨСУЖӘНЕ МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру еліміздің тұрақты дамуының...

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ӘСЕРІ

Қазіргі құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңінде сот төрелігінің тиімділігі мен...