12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – халқымыздың  құндылығы, бабадан қалған мұра, болашақ ұрпағымызға теңдесі жоқ жақұт болуы шарт. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті  адам деп санауға болмайды» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің тіліміздің мәртебесін, ұлттық құндылығымызды  сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік және сыни көзқарасы деп түсінеміз. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің айнасы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда ана тілімізге оңды көзқарас қалыптасып келе жатыр. Ана тіліміз шын мәнінде ұлттық сая­саттың негізі, түп-тамыры десек, тіліміздің  басымдық беріліп, барлық салада басты тілге айналғаны жөн. Қай кезеңде де тіл мәселесі – ұрпағымыздың нәр алатын бұлақ көзі десек артық айтпаймыз, ал бұл орайда біздің азаматтық борышымыз осы құндылығымызды өз биігінде сақтап қалу болып отыр.

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «…Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ», – деп  туған тіліміз жайында ой түзеді. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиетін президентімізді де  аз ойландырып, толғандырып жүрген жоқ.

Осы орайда ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ тіліне қатысты көптеген өзгерістерге бастама болып, оны бақылауда ұстауы дәлел бола алады. Қазіргі жаңа Қазақстан құрылып жатқан қоғамда тілімізге деген қамқорлықтың, жасалып жатқан бірқатар жұмыстардың, атқарылған істердің болып жатқаны тілге деген жанашырлық деп білеміз.

Қазақ тілін дамытуға, өмірдегі қолданыс аясын кеңейтуге едәуір ықпал етері хақ. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды ба­ғыттарының бірі. Бүгінгі таңда «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп түсініп, тілдің қоғам өміріндегі қолданысына, оның бүгінгі мен болашағына толғанатын біздің тіл жанашырларының тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырғаны анық. Тілді тіл ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл Қа­зақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекет­тік мәртебесіне айналдыру – қашанда өзекті мәселе. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен ыстық ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпы халықтық мүдде кеңістігіне шығуы шарт. Тіл Отан көлемінде қуатты қатынас құралы бола тұрып, халықаралық байланыста да өзінің мемлекеттік мәртебесін сақтауы үшін жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеті мен патриоттық сезімін ұштастыра тәрбиелеу – біздің яғни, аға буын өкілдерінің парызы деп білемін. Сонда ғана туған тіліміз  қоғамның  барлық  саласында  сұранысқа ие болары сөзсіз. Республикамыздың дербестік алып, шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болуын айтпағанның өзінде, «Тіл туралы» Заң қабылданып, ол белгілі дәрежеде жүзеге асырылып жатқанда, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, бұл жайында Конституцияға арнайы бап енгізіліп отырғанда, елімізде тіл тазалығын сақтау, сөйлеу мәдениетін көтеріп, әрбір сөздің нормаға сай болуын және өз мағынасында дұрыс қолданылуын қадағалап отыру ерекше маңызды болмақ. Еліміз әлемдік  бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығының  зор екендігі белгілі, алдағы уақытта ауқымды  іс-шаралар өз шешімін тауып жүзеге асады деп ойлаймын. Осы орайда 5-қыркүйек қазақ тілі білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай республикамызда тілдер күні болып бекітілгені баршамызға аян. Бұндай шешім тіл мәртебесін көтеруге қосылған сүбелі үлес деп білеміз. Тілді дамытудың жолдары аз емес.

Халықаралық келіссөздердің көпшілігін мемлекеттік тілімізде жүргізу, жоғары оқу орындарындағы қабылдау емтиханда­ры мен оларды бітірер кездегі мемлекет­тік емтихандардың қатарына қазақ тілінің де енгізілуі, республикалық кеңестерді қазақ тілінде өткізуге бірте-бірте көшу, ісқағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуінің белгілі бір нормаларын белгілеу сияқты шаралар қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, беделін күшейте түсері анық. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», – деген екен Бауыржан Момышұлы.

Сол тіл мәселесі, оның ішінде мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің тағдыры жайында тіл жанашыры ретінде айтарым: Мемлекеттік тілімізді аман сақтап, ілгері дамыту үшін бәрімізге ұлттық сана, азаматтық биік тұғыр, мемлекеттік идеология қажет. Еліміздің экономикасы мен әл-қуаты артып, саяси-әлеуметтік еңсесі көтерілген сайын, ұлттық тіл мен ұлттық рухымыздың да өскенін, ұлттық мүддемізді екінші қатардағы қосалқы дүниедей болып қалмауын қадағалау – бәрімізге парыз. Қазір біз тілдің дамуының бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға алдық, өзімізден өзіміз талап ететін кезеңге жеттік. Қазақ тілі үшін бәріміз де қарыздармыз, сондықтан қолымыздан келген қамқорлығымыз бен көмегімізді өз тілімізден аянып қалмайық, өйткені тіл – біздің ертеңгі ұрпақтарымыздың панасы. Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқан екен: «Араб тілі басты тіл, түркі тілі- өнерлі тіл, ал қазақ тілі – гауһар тіл» деп. Ата – бабамыздан қалған гауһар- жақұтымызды, шұрайлы қазақ тілімізді  ұрпақтан –ұрпаққа саф алтындай қадірлей отырып жеткізу, тәуелсіз елдің азаматы ретінде борышым деп білемін.

Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі. Тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры.

Исмагулов Еркен Тимурович , Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы – сот

отырысының хатшысы

Алматы қаласы әдеп жөніңдегі кеңестің 2024 жылғы қызметінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаменттерінің жанында...

Сотрудники УИС провели интерактивную встречу с учащимися среднего звена школы на тему «Өзіңнен баста»

В области Абай сотрудники учреждения, смешанной безопасности, провели интерактивную...

ҚАЖ қызметкерлері мектептің орта буындағы оқушыларымен кездесу «Өзіңнен баста» атты интерактивті кездесу өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, мектеп оқушыларымен қоғамдық...

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға киімдер тікті

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға арналған концерттік бағдарламаға арнап...

Осужденные сшили костюмы для пожилых людей которые живут в доме престарелых

Осужденные сшили костюмы для концертной программы для пожилых людей,...