12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай халықтың болмасын тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрі алдымен тілі арқылы сақталады. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Қазақ тілі – ғасырлар бойы қалыптасқан бай да көркем тіл. Ол халқымыздың дүниетанымын, ойлау жүйесін, өмір салтын айқын көрсетеді.

Бүгінгі таңда қазақ тілін дамыту бағытында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, білім беру мен бұқаралық ақпарат құралдарында қолдану аясы кеңейіп келеді. Дегенмен, тілге деген құрмет тек заңмен немесе қаулымен емес, әр азаматтың күнделікті іс-әрекетімен өлшенеді.

Отбасында ана тілінде сөйлеу, қоғамдық орындарда қазақ тілін қолдану, жастардың таза әрі сауатты сөйлеуіне мән беру – тіл болашағына қосылған нақты үлес. Қазіргі жаһандану дәуірінде бірнеше тіл білу маңызды. Алайда ана тіліне деген құрмет ешқашан екінші орынға түспеуі тиіс. Өз тілін қадірлеген ұлт қана өзгелермен терезесі тең бола алады.

Тіл – өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Оны сақтау, дамыту және кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ жауапкершілік. Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің басты нышаны. Ал мемлекеттік қызмет саласында қазақ тілінің қолданылуы – заң талабы ғана емес, халыққа деген құрметтің айқын көрінісі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қызметкерлердің тілдік біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге басымдық беріліп келеді.

Бұл өз кезегінде мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға ықпал етуде. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші үшін тіл мәдениеті – кәсіби этиканың ажырамас бөлігі. Сауатты сөйлеу, ресми стильді дұрыс сақтау, азаматпен түсінікті әрі сыпайы қарым-қатынас орнату – қызмет сапасын көрсететін негізгі өлшемдер.

Мемлекеттік тілді құрметтеу – әрбір мемлекеттік қызметкердің азаматтық парызы. Тілге деген жауапкершілік елге қызмет етудің сапалы көрсеткіші болып қала береді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Ж.Смагулова

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...