Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Мемлекеттік басқару жүйесінде де цифрландыру маңызды рөл атқарады. Соның ішінде сот жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот жүйесін цифрландыру сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот процестерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сот жүйесін цифрландыру – сот қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға бағытталған процесс. Цифрландыру сот ісін жүргізуді жеңілдетіп қана қоймай, сот органдары мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды да оңтайландырады.

Цифрландырудың негізгі мақсаттары:

         •        сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру;

         •        сот процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

         •        уақыт пен қаржы шығындарын азайту;

         •        сот қызметінің тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасында сот жүйесін цифрландыру аясында бірқатар ақпараттық жүйелер енгізілген. Олардың қатарында электрондық құжат айналымы, онлайн сот отырыстары және электрондық сервистер бар.

Азаматтар сотқа талап арызды немесе басқа да құжаттарды электрондық форматта жолдай алады. Бұл өз кезегінде сотқа жүгіну рәсімін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, сот отырыстарын онлайн режимде өткізу мүмкіндігі азаматтардың сот процесіне қатысуын жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Болашақта сот жүйесін цифрландыру үдерәсә одан әрі дамып, жасанды интеллект элементтерін енгізу, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және мемлекеттік органдардың деректер базаларымен интерграциялау арқылы сот төрелігің тиімділігі арта түседі.

Сонымен қатар, сот жүйесін цифраландыру сот төрелігінің сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады және оның әрі дамуы Қазақстандағы құқықтық мемлекетті қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

АЙБУЛОВА АЙНА ЖАЗЫМБАЕВНАОрал қаласының  №2 соты әкімшісінің жетекші маманы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...