12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

«Тіл туралы” заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарда жүйелі түрде жүзеге асыру

«Тіл – біздің тұтастығымыз”, «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүреміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.

Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Тіл саясатының жүзеге асырылуына ұдайы назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа міндеттерді айқындау –жауапты мәселе. Мемлекеттік тілдің аясының кеңейту де зор мақсат. Бұған еліміздің тиісті сала басшылары, тілші-ғалымдар мен тіл жанашырлары әрдайым назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыруы – келелі іс. Әлбетте, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын биіктете түсеріміз хақ.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы А.Абылова

Әкімшілік сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7- бабымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл...

Экономикалық тұрақтылықтың 3 негізгі көзі

Бүгінгі жаһандық жағдайда экономикалық тұрақтылық – ел дамуының басты...

Еділ Жаңбыршин:»ЛГБТ-нің елімізге қажетсіз әрі жат құбылыс»

Құрметті Төраға! ЛГБТ-ны насихаттауды тиым салу бойынша норманың авторы ретінде,...

Қазақстандықтардың басым бөлігі бүйрекке мұқтаж

Бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза трансплантациясына мұқтаж,...

Қызметкерлер арасында діни ағарту, сондай-ақ лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...