12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл мәртебесі

Тіл — тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі. Ұлттың өзгеден даралығын анықтайтын жалғыз да айрықша белгісі. Қай ұлт болсын тілі арқылы ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады.

Тәуелсіздігіміздің тірегі – ұлттың тілі. Ана тіліміз арқылы халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті өз халқын, атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Әркімнің тілге деген құрметін, өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметі деп білуге болады. Сондықтан ана тіліміз қастерлі де қасиетті екенін ұмытпаған дұрыс.

Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты бағыты болып қала береді. Бұл бағытта көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Нәтижелері де жоқ емес. Мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолдану аясы едәуір кеңейіп келе жатқанын айтуға толық негіз бар. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп Қадыр ақын айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.

Тіліміздің мәртебесі — еліміздің мәртебесі, ал тіл мәртебесі халықтың қолында. Тілді қаншалықты бағалап құрметтесек, соншалықты еліміздің еңсесі биік болмақ. Ел тәуелсіздігі –тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, осы бағыттағы болашақтың берік іргетасы бүгін қалануы қажет. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасаумен қатар, мемлекеттік тілде іс жүргізуді де жүйелі қалыптастыру керек, сонда ғана ана тіліміз өсіп-өркендеп, үлкен мәртебеге ие болады, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі теңеледі

Тараз қаласының

мамандандырылған тергеу соты

әкімшісінің бас маман –

сот отырысының хатшысы

Р.Н.Манапов      

Кассациялық сот: Заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі тетігі

Кассациялық сот — бұл құқық қорғау жүйесіндегі маңызды элементтердің...

Абай облысында жастарға кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілі қолданылды

Абай облысында жастарға кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілі қолданысқа...

В области Абай внедрен новый подход к профориентации молодежи

В учреждении смешанной безопасности города Семей, для проведения профориентационной...

Создана рабочая группа из числа сотрудников прокуратуры

По инициативе прокуратуры Турксибского района создана рабочая группа из...

Қызылордада пробация есебіндегі сотталғандардан психологиялық тест алынды

Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу- қазіргі таңда...