12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тіл — ұлттың тұғыры, елдің еңсесі

Тіл — халықтың жаны, рухани негізі, ұлттық болмысының айнасы. Әрбір ұлттың ең қастерлі байлығы — оның ана тілі. Қазақстанда 5 қыркүйек — Қазақстан халқының Тілдері күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн — қазақ тілінің ғана емес, елімізде өмір сүріп жатқан барлық этностардың тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мереке.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы мен мемлекеттік тіл саясаты — елдегі тілдік ахуалды реттеп, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға бағытталған. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі болса да, елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, өз ана тілдерін дамытуға толық мүмкіндік алып отыр.
Қазақ тілі — ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бай тіл. Ол — Абай мен Ыбырай, Мағжан мен Мұқағали сөйлеген көркем де құнарлы тіл. Бүгінде оның мәртебесін көтеру — баршамыздың ортақ парызымыз. Тіл — тек қатынас құралы ғана емес, ол — ұлттың тарихи жады, мәдениеті мен дүниетанымының көрінісі.
Білім беру, БАҚ, мемлекеттік қызмет салаларында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту — тәуелсіздікпен бірге дамып келе жатқан игі үрдіс. Жастар арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің артуы — ел болашағы үшін қуанышты көрсеткіш.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының басшысы Каликова Гүлмира Сағындыққызы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...