Тергеудегі азаматтың анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты

Қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырған азаматтың анасы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ш.Есенкелдиевтің қабылдауында болып, департамент басшылығына және тергеу изоляторы қызметкерлеріне аналық алғысын білдірді.

– Ұлым бір айдан асты ЗК-169/1 мекемесінде ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігімен (Жаппай тәртiпсiздiк) қамауда отыр.

Тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеге келген әрбір азаматқа әдептілік танытып, сұрақтарымызға заң аясында жауап беріп жатыр.

Мен бұл мекеге келіп жүргенде байқағаным, барлық жерде бейнебақылау орнатылған.

Күнделікті ыстық тамақ алып келгенде, сәлем-сауқатты қабылдауы жоғары дәрежеде ұйымдастырылған көремін.

Содан болар баламның айтуынша, тамағымыз ыстық күйінде камерасына жетіп отыр.

ЗК-169/1 мекемесі қызметкерлерінің әдептілігіне, қарапайымдылығына, қызметтеріне адалдығына риза болып, департамент бастығы Шәймерден Тәжіқұлұлына және тергеу изоляторының ұжымына алғысымды білдіремін, – деді қала тұрғыны.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...