ТЕРГЕУ ҚАМАУЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР БАЛАЛАР КҮНІНДЕ ТӘТТІ СЫЙЛЫҚТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

1 маусым – халықаралық балалар күні мерекесінде Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы балалар үшін де мереке ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 72 мекемесінде тергеу-қамауына алынған кәмелетке толмаған он бала ұсталуда.

Мереке күні кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түрлі тәттілерден сыйлық таратылып, оларға балалар мерекесінің қуанышын сезінуге мүмкіндік туды.

«Кәмелетке толмаған айыпталушылармен жаңа өмір жағдайына бейімделуге және олардың бойында адамгершілік пен мәдени келбетті қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға бағытталған мәдени-тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Мұндай жауапты жұмыстың тиімділігі тергеу изоляторы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне де тікелей байланысты»-дейді сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің инспекторы әділет капитаны М. Жанырбаева.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...