Тергеу мекемесінің қызметкерлері донор болып, игі іс атқарды

Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды. Қан тапсырып та қайырымдылық жасауға болады. Міне, осындай қарапайым әрекетімен өзгеге өмір сыйлаған жандардың бірі, тергеу мекемесінің қызметкерлері.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жеке құрам қызметкерлері таңертеңнен кешке дейін тікесінен тік тұрып, ішке келіп-кететін азаматтарға  тінту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, қырандай тәртіп орнататын қызметіне қырағы, сауысқандай сақ қызметкерлер, енді қан тапсырып, бүгінде қайырымдылық жасаумен де ерекшеленді.

Жалпы, «Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту,сыйлау» деген мағынаны білдіреді екен. Сондай-ақ, донорлық — әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі. Олай болса,  қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлаған тергеу мекемесінің қызметкерлерінің бұл іс-әрекеті олардың үлкен адамгешілік иесі екендігін айқындайды.

М.Жолдасбекқызы

№68 мемлекеттік мекемесі

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...