Тергеу мекемесінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты акция  ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты акция  ұйымдастырылды. Мекеме кітапханашысы Айдос Абдықалықов мекеме қызметкерлерінің әкелген кітаптарын қабылдап алды. Арнайы контигент арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты Ардақ Тұрманов  ақиық ақын М.Мақатевтың  «Өмірдастан», Д.Исабековтың «Жеті желкен» және А. Кристидің «Ғайып болған миллион» кітаптарын әкеліпті.

Ал, отряд бастығы, әділет аға лейтенанты Е.Қожақметов ақын С.Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» атты өлеңдер жинағы, С.Қасымбектің «Жанталас» атты пьесалар жинағын әкеліп берді. Әділет аға лейтенанты А.Мырзалы студент кезінде сатып алған, өзіне де өзгелерге де қымбат дүние «Абай жолы» романын тапсырды.Осы бөлімнің ең жас қызметкері А.Орынбаев ғылыми, мәдени тақырыптағы туындыларды ұсынды. Кітапханашы Айдос Абдықалықовтың өзі, үйіндегі жеке кітапханасынан түрлі жанрдағы 18 кітап әкеліп игі бастамаға себепкер болды.

«Темір торда жазасын өтеп жатқандар үшін, оларды қоғамға қайта тәриелеуде  кітаптың маңызы зор.Бүгінгі акция нәтижесінде кітапхана сөресі 27 кітапппен толықтырылды. Алдағы уақытта басқа бөлім қызметкерлері тарапынан да осы шараны жалғастыруды ұйымдастырамыз»,- деді мекеме кітапханашысы А.Абдықалықов.

Қызылорда облысы бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...