Тергеу мекемесінде кітап терапиясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне  қарасты №68 мемлекттік мекемесінің аға психологы сотталғандармен жұмыс барысында әртүрлі әдісті қолданып отырады. Бұл жолы оқшауланған аймақтағы сотталған азаматтар мен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында ішкі жан-дүние тыныштығын сақтау мен позитивті, қолдау көрсету мақсатында кітапхана терапиясын өткізді. Осы орайда, Қалалық орталықтандырылған кітаптар жүйесінің №1 кітапханасының қызметкерлері арнайы шақыртылып, өздерімен бірге жылжымалы көрме жиынтығын алып келді.

Көрмеде көрсетілген кітаптардың біршамасы психологиялық, әдеби, классикалық т.б шығармалар жиынтықтарынан құралған кітаптар. Шара барысында сотталған азаматтар өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, сонымен қатар, мамандарға оқығысы келетін кітаптардың тізімін айтып, өз ұсыныстарын білдірді.

Аға психолог әділет капитаны Айзат Мырзалының айтуы бойынша «Ауырған және қиналған адам қолына кітап алсын-әлемде онан асқан ем жоқ» дегендей, кітап терапиясы сотталғандардың жай-күйін қалыптастыру және оңтайландыру, олардың рухани дамуына ықпал ететін психологиялық терапияның бір түрі. Ең қызығы «Кітап терапиясы» адам талғамайды. Жалпы, оқу – күйзеліс пен санадағы әртүрлі жағымсыз ойлардан арылтатын ең тиімді тәсіл – деп өз ойын білдірді.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...