12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторының қызметкерлері сәбилерге сыйлық тарту етті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/1 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Қайрат Олжабаев «Сәбилер үйіне» барды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, мекеме ұжымының атынан балаларға сыйлықтар табыстады.

«Қазіргі таңда бұл мекемеде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін 1-4 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленуде.  «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» — дейді дана халқымыз.  Мереке сайын сәбилерді қуантып, түрлі сыйлықтар тарту етесіздер. Мекеме ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,- деді мекеменің ішкі аудит дәрігері Марат Қилыбайұлы.

«Мейірімге мұқтаж жандардың ішінен сәбилердің таңдадық. Олар біздің болашағымыз,тәуелсіз еліміздің тірегі болар ұландар.Болашағымыз жарқын болсын десек, оларды мейірімге бөлеп, қамқорлық танытып тұруымыз керек. Балаларға ақыл-ойын дамытатын құрастырғыш және алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге арналған ойыншықтар тарту еттік. Әкелген сыйлықтарымыз бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйласа, мақсатқа қол жеткізгендігіміз деп білеміз» ,– деді әділет майоры Қ. Олжабаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...