Тергеу изоляторының шаруашылық жасағындағы сотталғандар өмірге құлшынысын поэзиямен жеткізді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінің шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында «Біз сүйген әлем!» тақырыбында шығармашылық кеші өтті.

Сотталғандардың өмір сүруге деген құлшынысын арттыру, жарқын болашақ қалыптастыруға сотталғандарды ынталандыруды мақсат еткен шығармашылық кешті сотталғандар поэзиядан бастады. Олар жасақ алдында өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқып, әртүрлі ақындардың шығармаларын көрермендер назарына ұсынды. Кеш әрі қарай сотталғандардың логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалды даму деңгейін арттыру мақсатында «Суреттер сөйлейді» тақырыбындағы ойындармен жалғасты.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...