Тергеу изоляторында сотталғандардың атқару парағы қалай орындалуда?

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс. Өйткені сот шешімі орындалуымен құнды. Міне осыған байланысты, жазаларды орындау мекемелерінің бірі саналатын тергеу изоляторындағы сот шешімімен шыққан сотталғандардың атқару парағының орындалуына тікелей жауапты мамандары бар. Нақтырақ айтар болсақ, ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесіндегі, соталғандардың атқару парағының орындалуы бойынша мекеменің Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі айналысады.

Соның ішінде бас есепші Ж.Әлімбетова мен есепші М.Кенжеғұлованың тікелей жауапкершілігімен орындалынып отырылады.

Олар, мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың айлық жалақысын есептеу мен атқару парағын мекемеге сұратып, өндірілуін қадағалап отырады. Бүгінгі таңда, жыл басынан бері 5 адамның 7 атқару парағы толтырылды.

Оның ішінде мемлекеттің пайдасына 3 адамның 4 атқару парағы ал, жеке тұлғаның пайдасына 2 адамның 3 атқару парағы өндіріліп жатыр.

Бұл қызметтер сот шығыны үкімін өндіру яғни, сотталғанның жеке немесе заңды тұлғаларға зиян келтірген материялдық шығындарын өтеп беру бойынша атқарылатын жұмыстар.

Яғни, бұл шығындар шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың айлығының 50 пайызына сәйкес, соттың атқару парағына және сот орындарының қаулысы бойынша өндіріледі. Сонымен қатар кейде, сотталғанның сұраныстары бойынша жеке қабылдап, қаржы мәселесі бойынша туындаған сұрақтарына да жауап береміз.

Кейде сотталушылардың сот орындаушылардың әрекеттеріне дау айтатындары да жоқ емес. Бірақ біз оларға әрбір азамат мемлекет заңдарын сақтауға, сот шешімін орындауға міндетті екенін айтып түсіндіріп отырамыз — деді бас есепшісі Ж.Әлімбетова

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...