Тергеу изоляторында сәлем-сауқат қалай қабылданады?

Қызылорда қаласының Төлеби көшесінде орналасқан ЗК-169/1 мекемесіне күнде келушілер саны көп.

Себебі мекемеде қамауда жатқан азаматтарға туыстары тарапынан сәлем-сауқат қабылданады. Адамдардың көбі дүйсенбі-жұма күндері келеді. Сенбі, жексенбі болса, түскі мезгілге дейін қабылданады.

Мекеменің кіре беріс бөлігінде алғашқы бақылау пункті орналасқан. Онда келушілердің сәлем-сауқат қабылдау кестесі, қабылдау тәртібі орналасқан. Кестеге сәйкес сағат 8.30-12.00 және 15.00-18.45 сәлем-сауқат қабылданады.

Бұл жөнінде сөз алған әділет лейтенанты режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі Ибраев Ерлан:

— Күнде елуге жуық сәлем-сауқат қабылданады. Біз алдымен елдегі жағдайға байланысты тұрғындардан карантин тәртібін сақтауын өтінеміз. Одан соң жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс. Сонымен бірге өткізу бекетінде қол жүгі тексеріледі. Ренген-сканер құрылғысы арқылы әр зат мұқият бақыланады.

Тиым салынған заттардың ішке өтіп кетпеуіне жол берілмейді. Бұл қадағалаулардан кейін, азаматтардың өздері де тексерістен өтіп, ішкі ғимаратқа кіруге рұқсат алады.

-Сәлем-сауқатты қараудың да өз тәртібі бар,-дейді әділет аға лейтенанты РжКБ-нің аға бақылаушысы Мақсат Жұмабеков. Тізім бойынша қабылданып, нан мен шұжық бірнеше жерден кесіліп, жеміс-жидектер ортасынан бөлініп, қораптағы шай ыдысқа аударылып, тәттілердің сыртқы қорапшалары ашылып қатаң тексеруден өтеді.

Жалпы, тергеу изоляторындағы айыпталушылар, тергеудегілер мен қамаудағы сотталушылар асханадан үш мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Әйтсе де, туыстары тарапынан келетін сәлемдемелер толастар емес.

Правовая поддержка и ресоциализация осужденных женщин

В Женской колонии УИС по области Абай в рамках...

ДУХ КОЧЕВНИКОВ — В СПОРТЕ

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай в...

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...