Тергеу изоляторында маусымдық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

ЗК-169/1 мекемесінде тергеу қамауындағылар мен бас бостандығынан айрылғандар ұсталынады.

Созылмалы аурулары бар жандар үшін, ызғарлы камералар психологиялық стресс алған қамаудағылардың иммунитетін түсіріп жібереді. Ал, бұл олардың әртүрлі инфекциялық ауруларды тез жұқтыру қаупін тудырады.

Осыған орай, тергеу изоляторында санитарлық жағдайлар қатаң сақталынып, дезинфекциялық жұмыстар жиі жүргізіліп отырылады.

Сондықтанда, мекеме аумағында инфекциялық жағдайларды болдырмау мақсатында, жыл басында ИП «Махамбет» пен ғимаратқа дезинсекция дезинфекция, дератизация жұмыстарын жүргізу қызметімен келісім шартқа отырған болатын.

Жақында ғана бұл сала мамандары маусымдық жылы мезгілдің орын алуына байланысты мекеме аумағында өз жұмыстарын жүргізіп кетті.

Олар камераларды, мекеменің асханасын, монша мен барлық қоймаларды, әкімшілік ғимаратындағы қызметкерлер бөлмесін медицина бөлім палаталарын және медицина мамандары отыратын бөлмелерді зарарсыздандырды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...