Тергеу изоляторында ер-азаматтарға құрмет көрсетілді

ЗК-169/1 тергеу изоляторында 7- Мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9- Мамыр Жеңіс күніне орай « Елді қорғау — Ердің ісі» деген тақырыпта мерекелік салттанатты жиын өтті.

Жиынға мекеме қызметкерлері және ата-аналар мен қонақтар қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Алғаш болып сөз алған мекеме бастығының міндетін атқарушы,әділет майоры Қ.Олжабаев барлық ер-азаматтарды айтулы мерекелермен құттықтады. Сондай-ақ, өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарап, қызметтік міндетін міндетін мінсіз атқарып жүрген жалынды жастардың асқар тау әкелеріне « Офицер әкесі» медальін табыстады.

Және сотталғандарды өмірге қайта тәрбиелеуде АКАӘПТБ-мен бірлесе жұмыс жасап жүрген Қызылода облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының әдіскерлері мен мешіт имамдарын арнайы алғысхатпен марапаттады. Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған.

Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!- деген тілек тіледі. Бұл іс- шара, жеке құрамның бойында отаншылдық қасиеттерін арттыру мақсатынды ұйымдастырылғандықтан, шара барысында, 9- мамыр Жеңіс күніне байланысты бейнебаян көрсетілді.

Одан соң, отан үшін от кешкен ерен ерлердің рухына тағзым жасап, бір минут үнсіздік жарияланды. Мерекелік іс-шара болғандықтан, арнайы шақырылған әншілер мен әділет сержанты А.Байбосынова және қатардағы Әбдішүкір Аслан патриоттық тақырыптағы әндерді айтып, жеке құрамның рухын көтеріп, көрермендерге мерекелік көңіл –күй сыйлады.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...