Тергеу изоляторында қамаудағы ағасына ұялы телефон жібермекші болған азамат ұсталды

04.05.2022 жылы сағат:16:30 шамасында Қызылорда қаласы ЗК- 169/мекемесінің сәлем- сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген Б. есімді азаматтың әкелген азық- түлігін тексеру барысында, тыйым салынған зат анықталды.

Нақтырақ айтар болсақ, бір реттік қалтаға салынған ыстық палаудың ішінен фальга қағазына оралған 1- дана «HUAWEI» маркалы ұялы телефоны мен 1-дана « билайн» сим картасы табылды.

ҚР ҚК- ның 106- бабының 1- бөлігімен 8 жылға сотталған ағасына жаны ашып тыйым салынған затты өткізбекші болған бұл азаматтың өзі енді жауапқа тартылады.

Өйткені, ұялы телефонды жасырып өткізбекші болған азаматтың үстінен ҚР- ӘҚБтК-нің 481бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...