Тергеу изоляторына келіп түскендердің денсаулық жағдайларын медицина қызметкерлері жіті қадағалайды

Денсаулық адамның құнды байлығы. Сондықтан біздің зайырлы мемлекетімізде, тіптен құқық бұзған қылмыскер де, темір торға түскенде, тегін медициналық көмек алуға құқылы.

Осы орайда, елімізде қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан әр түрлі жарақаты бар тергеу қамауындағы айыпталушылар бүгінгі таңда ЗК-169/1 тергеу изоляторына көптеп түсіп, тиісті деңгейдегі емін алып жатқандығын баяндаймыз

Оларды мекеменің медицина бөлімінің 0,5 бірліктегі хирург дәрігері Б. Жумандыков қарап, тексеріп,алған жарақат дәрежесіне қарай, ем-дом шарасын бекітті.

Маман хирургтің әр азаматқа тағайындаған еміне байланысты, байлап -таңу антисептикалық процедуралық іс -шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұл жауапты іс-шараны медицина бөлімінің фельдшері Н. Талғатқа тапсырылғандықтан, күнделікті қадағалап,орындап отырады.

  • Жалпы біздің мекемеде жаңадан келіп түскеннен бастап, медицина қызметкерлері айналасына қауіп төндіретін жұқпалы ауруларды және жедел медециналық көмекке мұқтаж ауруларды анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексеру жүргізеді . Қабылдау кезекшінің немесе бақылаушының қатысуымен өтеді.

Жаңадан келіп түскендердің өзін нашар сезінуіне шағымы немесе ауру( жарақат )белгілері болған жағдайда кезекші жедел медециналық жәрдем бригадасын шақырады.

Науқастың өміріне қауіп төнгенде, кейде жедел жәрдемнің келу мүмкіндігі болмаған кезде кезекші науқасты дереу жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізу бойынша шараларды қабылдайды.

Егер медицина қызметкерінің немесе медициналық жәрдем бригадасының қорытындысы бойынша науқас стационарлық емделуге мұқтаж болса, онда ол денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі — дейді, медицина бөлімінің бастығы, әділет лейтенанты Азиза Кайырбаева

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...