ТЕОЛОГТАР СОТТАЛҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде қызметкерлеріне мен сотталғандардың діни сауаттылығын арттыруға арналған семинар өтті.

Аталған семинарды мекеме басшылығы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Діндерді зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Осы семинар аясында Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметі талқыланды. Баяндамашы ретінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Діндерді зерттеу орталығының теологтары болды.

Бұл семинарға 20-ға жуық қызметкерлер мен сотталғандар қатысты. Дінтанушылар елімізде жұмыс істейтін тіркелген дәстүрлі діни бірлестіктер, олардың шығу тегі мен тарихы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ дінтанушылар заманауи дәстүрлі емес діни ағымдар туралы, олардың экстремистік идеяларды тарату әдістері мен қоғамға қандай әлеуметтік қауіп төндіретіні туралы айтты.

Мекемеге бару барысында сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіліп, сұрақтарына жауаптар алынды.

Теологтар мекеме кітапханасын да аралады. Олар мекемедегі діни әдебиеттерді зерттеді.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...