Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Алматы 1 ст. Желілік полиция басқармасының басшы құрамы Жетісу көлік прокуратурасы өкілінің және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы теміржол филиалдары басшыларының және Алматы1, Алматы 2 вокзалдары басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Индустрия және инфраструктуралық даму министрлігі қол қойған Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасының темір жолындағы мүліктің сақталуы мен қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мәселелері туралы кеңес өткізді.
Жұмыс кездесуі барысында конструктивті ақпарат, пікірлер алмасу жүргізіліп, Қазақстан Республикасының темір жолындағы мүліктің сақталуы мен қауіпсіздігінің деңгейін арттырудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы талқыланды.
— Темір жол көлігі нысандарында қылмыспен күресуде өзара іс-қимыл, үйлестірілген бірлескен жұмысты ұйымдастырылады.
Кездесуді Алматы 1 ст. ЖПБ бастығының м.а. подполковнигі М.Әбенов ашып, 2022 жылдың өткен кезеңіндегі ЖПБ жедел-қызметтік қызметінің жай-күйі туралы, ҚР ІІМ мен ИИДМ қол қойған ҚР темір жолындағы мүліктің сақталуы мен қауіпсіздігінің деңгейін арттырудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бойынша қабылданған шаралар, теміржол көлігіндегі бейнебақылау жүйесін дамыту туралы қысқаша баяндай отырып:
-Бүгінгі күні, Алматы 1 ст. ЖПБ қызмет көрсету аумағында орналасқан вокзалдар мен станцияларда 449 бейнебақылау камерасы орнатылды», — деді.
Сондай-ақ жұмыс отырысында алматы 1 ст. ЖПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Жүсіпов сөз алып, тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттық тежеуді, пойыздарды жоспардан тыс тұрақтау, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды реттеу бойынша негізгі түйткілді мәселелерді ортаға салып, барлық локомотивтерде бейнетіркегіштерді (бақылау) орнату қажеттігін айтты. Қазіргі таңда қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 64 локомотивте ғана бақылау камералары орнатылған. Жазбалар 6 күн сақталады, бұл өте қысқа. Жазбаларды сақтау мерзімін 30 күнге дейін ұлғайту мәселесін пысықтау қажет. Бірлескен жұмыс аясында азаматтарға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Басқарманың әкімшілік полиция бөлімшесі бастығы полиция подполковнигі Ж.Әбдіқапаров Алматы 1, Алматы 2 теміржол вокзалдарының басшыларына бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ вокзал платформаларында жабайы сауда жасаудың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне жағдай жасау үшін бірыңғай сауда желісін, сондай-ақ «мобильді дүңгіршектер» құруды ұсынды. Белгіленбеген жерде сауда жасағаны үшін жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-тің 204-бабы бойынша 40-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Өз кезегінде Алматы 1 және Алматы 2 вокзалдарының басшылары көлік полициясымен бірлесе жұмыс істеуге, жүктерге, теміржол мүлкіне қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы тұру және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды тергеу амалдарына толық және шұғыл көмек көрсету туралы тілектерін білдірді. Кезекші бөлімі мен станцияның кезекші қызметтері арасында тұрақты ақпарат алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
Жұмыс кеңесін қорытындылай келе, басқарма бастығының м.а. полиция подполковнигі М.Әбенов — Қазақстан Республикасының темір жолындағы мүліктің сақталуы мен қауіпсіздігінің деңгейін арттырудың 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасын тиісті деңгейде іске асыру мақсатында осы кеңестің қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттерді орындау үшін тиісті ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Бүгінгі күні көлік полициясы мен теміржол көлігі ұйымдарының бірлескен негізгі міндеті — теміржол қозғалысының қауіпсіздігін және тұтастай алғанда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады, бұл көп жағдайда жақсы үйлестірілген өзара іс-қимылдың тиімділігіне байланысты.
Алматы 1 ст. ЖПБ