Темір тордағы нәзік жандылар да құттықтауға ие болды

ЗК-169/1 тергеу изоляторында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, мекеме басшылығы қамауда ұсталынып отырған азаматтарға көңіл бөліп, мейрамдарымен құттықтады.

Бостандықта бірі — отбасының анасы, бірі — ақылшы апасы болған нәзік жандылар қылмыстарына өкінеді. Әйтседе, өз қолымен жасағандарын, мойнымен көтеріп жазасын өтеуде. Аңдамай шалыс басып, қылмыскер атанса да, жүректерінің түкпіріндегі әйелге тән мейірімділік көздерінен көрініп тұрады. Сондықтан олар да, көңіл бөлуге лайықты азаматтар.

  • Бүгін әкімшілік тарапынан, оларға жылы сөйлеуге, жандарын түсінуге, лажы болса барынша көңілдерін көтеру мақсатында мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын ұсындық.

Бұл қаяу көңілдеріне қуаныш ұялатып, бостандыққа шығуға деген талпынысын арттырып, үмітін жалғайды — дейді, мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры А.Битаев.

Ал, жүректері жаралы, жандары жабырқау тартқан жандар ертерек жазасын өтеп шығып, отбасыларымен қауышқылары келеді. Ұрпақ тәрбиелеп, адал еңбек етуді, абайсызда жағылған қара күйеден тазарып, ағайын-туыстың алдында жүздерінің жарқын болуын қалайды.

  • Үйде болғанда балаларым да мерекемен құттықтар еді. Тағдыр солай болған шығар, бірақ, осыған да шүкір. Мекеме басшылығының бізді ескеріп, елеп отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз — деді, шаруашылық бөліміне қалдырылған Н. есімді сотталған әйел.

Әттең-ай, кезінде осының барлығын бір сәт ой елегінен өткізіп, әрбір басқан қадамына байыппен қарағанда, өкініштен у ішкен жандардың саны аз болар ма еді?!.

Қалай десек те, мереке барлық әйел затына ортақ. Ендеше, тар қапаста қамалған нәзік жандылардың жандарын түсініп, көңіл бөлген тергеу изоляторы қызметкерлерінің бұл ісі құптарлық.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...