«Телеграмм бот» Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын қалпына келтіруге жәрдем көрсетті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы уәкілетті органдар болып табылады. Департамент өз қызметі шеңберінде азаматтардың өтініштеріне тұрақты мониторинг жүргізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

Департамент жұмысының басым бағыттарының бірі – азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне жедел әрекет ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелердің себептерін анықтау, сондай-ақ олардың қолжетімділігін, ашықтығын және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету.

Мәселен, азаматша Донна П. «Telegram-бот» платформасы арқылы Департаментке тегін ауыстыруға байланысты жүргізуші куәлігін ауыстыру мүмкін болмағаны туралы шағыммен жүгінген.

Өз өтінішінде өтініш беруші «Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті рәсімдеу кезінде нақты бас тарту себептері көрсетілмей, бірнеше рет бас тарту алғанын хабарлаған. Сонымен қатар, өтініш берушінің айтуынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қаражат есептен шығарылғанымен, қайтарылмаған.

Мәселені шешу мақсатында өтініш беруші Алматы қаласы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайында орналасқан №4 АвтоЦОН-ға да бірнеше рет жүгінген. Алайда, өтініш берушінің айтуынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептеріне қатысты нақты түсіндірме ала алмаған. Оған ақпараттық жүйеде техникалық ақау болуы мүмкін екендігі және күту қажеттігі түсіндірілген. Кейін қайта жүгінген кезде оны мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудың әртүрлі тәсілдеріне бағыттаған.

Департамент қызметкерлері келіп түскен өтінішке жедел ден қойып, қалыптасқан жағдайдың мән-жайларын анықтады және өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу бойынша қажетті шаралар қабылдады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өтініш берушіге туындаған мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, тегін ауыстыруға байланысты жүргізуші куәлігін ауыстыру мәселесін шешуге мүмкіндік берілді.

Аталған жағдай халықпен кері байланыстың маңыздылығын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелерге жедел ден қоюдың тиімділігін көрсетеді.

Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жүйелі мәселелерді анықтау, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы

Төреқан. Г

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын қалпына келтіруге жәрдем көрсетті

Әкімшілік істе қазақ тілінің қолданылуы

Тіл – қай мемлекеттің болсын егемендігі мен тұтастығын айшықтайтын...

ӘРПК негіздері

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік...

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...

Қазақстан сайлау барысын азаматтарға үзбей хабарлап отыруды қамтамасыз етті – Ресейден келген халықаралық байқаушы

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын...