Текеліде көшкін жүрген сәттің видеосы жарияланды

Әлеуметтік желілерде Текелі қаласында көшкін жүрген сәтті түсірген куәгерлердің видеосы пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір видеода тау жотасынан лай көшкіні жүргенін байқауға болады. Жақын жерде жүрген адамдар қашады.

Көшкін кезінде қаза тапқан бес жасар қыз Жанбота Қанатқызының есімі белгілі болды.

«Баланың ата-анасы лай массасының жүруі кезінде моншада болған. Қыздың әкесінің айтуынша, ол көшеде қорқынышты дауысты естігенде аулаға жүгірген, бірақ оның үйін толқын шайып кеткен, оның ішінде кенже қызы болған. Үлкені, алтыншы сынып оқушысы көшкін кезінде әжесінің жанында көрші ауылда болған. Қазір қыздардың ата-анасы ауруханада, олармен психологтар жұмыс істейді», — деп жазды Instagram парақшасында журналист Сандуғаш Дүйсенова.

Қаза болған қыз Жанбота Қанатқызы. © instagram/kaskelenkz

Еске салайық, 15 мамырда Текеліде қатты жауын-шашын салдарынан көшкін жүрген еді. Балшық массасының астында бес үй қалған, олардың біреуі толығымен қирады. Дәл осы үйде қаза болған бала тұрған. Сонымен қатар, көшкін орталық көшелердің бірін жауып тастады.

Жоғалған қызды іздеу операциясы бірнеше сағатқа созылды. Операцияға 200 адам жұмылды. Үй үйіндісінің астынан мәйітті табу үшін құтқарушыларға кинологиялық қызметтің қызметтік иті көмектесті.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...