spot_img
spot_img

Тегін 10 соток жер үшін кезекке қалай тұру керек?

Наурыз айынан бастап Қазақстанның электроны үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тұру бойынша жаңа қызмет іске қосылды. Бұл қызметтің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, оны онлайн режимінде бақылай алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» басылымына сілтеме жасап. 

Бұған дейін азаматтар кезекке тұру үшін әкімдікке баратын. Сонымен қатар кезек тізімі де әкімдікте сақталатын. 

«Бұған дейін жер кезегіне тұру және жерді жекеменшікке сату қызметтері порталда жұмыс істемеді. Қазір кезекке тұру автоматтандырылды. Енді азаматтарға әкімдікке барудың керегі жоқ, мұны электронды түрде ала алады. Бар болған компьютер мен электронды сандық қолтаңба қажет», — деді Қостанай облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы Махаббат Сырғабай. 

Басылым мәліметінше, 18 жастан асқан кез келген азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 соток жерді тегін ала алады. Сондай-ақ пәтер, үй немесе жер телімінің болуы маңызды емес. Алайда азамат тұрғын үйді қолданысқа беру жөнінде актке қол қойылған соң ғана жер телімінің иесі атанады. Жер телімін екінші рет тегін ала алмайды. 

«Бұл үшін электронды үкімет порталына кіріп, іздеу жолынан қызмет атын жазу керек немесе «Жылжымайтын мүлік» — «Жер қатынастары» бөлімін таңдау қажет. Бұдан соң «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметіне өту керек», — деп түсіндірді маман. 

Нәтижесінде азаматқа кезекке тұрғаны туралы анықтама беріледі немесе бас тартылғаны туралы хабарлама келеді. 

Ресми деректерге сәйкес, Қостанай облысында тегін 10 соток жер кезегінде 33 мың адам тұр.

Под маской локализации

В ЯНВАРЕ 2026 ГОДА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ РЫНОК КАЗАХСТАНА ПОТРЯС ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ В ЕГО ИСТОРИИ КОРРУПЦИОННЫХ СКАНДАЛОВ.

Балалар мекемелерін санитарлық қадағалау күшейтіледі

Енді тексерулер алдын ала ескертусіз, кенеттен жүргізіледі.

Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.