Тазы мен төбет күні: Елімізде жаңа мереке пайда болады

Қазақстанның Экология министрлігі мерекелік күндер тізіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, мерекелік күндер тізіміне 3 қыркүйек — Қазақы ит тұқымдары күнін қосу жоспарланған.

Жобаның негіздемесіне сәйкес, өкінішке қарай, Қазақстанда көптеген мерекелер болғанымен, қазақтың тазы және төбет тұқымдарын сақтау және көбейту саласындағы мамандарға арналған арнайы мереке жоқ.

Тазы мен төбет – қазақтың ежелгі ит тұқымдары, халқымыздың мақтанышы, «Жеті қазынаның» бірі. Тазы – аңшылықта таптырмас көмекші болса, төбет – ата-бабаларымыздың мал-мүлкін сенімді қорғаушы. Бұл тұқымдар халқымыздың тарихымен тығыз байланысты, олардың шығу тегі ғасырлар тереңінен бастау алады.

Түсіндірме жазбаға сәйкес, Қазақы ит тұқымдары күні лекциялар, семинарлар, көрмелер және осы тұқымдардың тарихына, ерекшеліктеріне, күтіміне арналған іс-шаралармен атап өтілуі мүмкін, бұл жалпы ақпараттандыру деңгейін арттырады.

Сонымен қатар, бұл мерекенің бекітілуі ит өсірушілерге, кинологиялық ұйымдарға және қазақы ит тұқымдарын сүйетіндерге тәжірибе алмасуға, көрмелерге, жарыстарға және басқа да шараларға қатысуға көбірек мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.