12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Таза Қазақстан» акциясына сақшылар да атсалысуда

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Түркістан облысының Полиция Департаментінің бастығы, генерал-майор Мұрат Қабденовтың бастамасымен департаменттің барлық құрамы атсалысуда.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудару көзделген.

  • Мемлекет тапсырмасының бастауымен әр өңірлерде, «Таза Қазақстан» акциясы болып жатыр. Аталған акцияға мектеп оқушыларынан бастап, таяқ ұстаған қарттарымыз да атсалысуда. Өз кезегінде Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы генерал-майор Мұрат Қабденов және депарматенттің толық құрамы жұмылдырылды. Облыстық полиция департаментінің аумағын қоқыстан тазалап, арық-атыздарды тазалап, аулаға жеміс және сәндік ағаштар мен гүлдер отырығызылды. Түркістан қаласында тұрғаннан кейін, қаланың суын ішіп, ауасын жұтқаннан соң, әрине оның тазалығына да бей-жай қарамау керек деп есептеймін. Тазалық адамның денсаулығының кепілі, сол арқылы ұрпаққа үлгі-өнеге беру болып табылады. Мұндай акцияларды полиция да қолдайды. Барымызды салып, халықпен бірге атсалысып жатырмыз, — деді Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлнар Абдужаппарова
    Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын акцияның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде облыс тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалады. Ал 20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы берілді. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Содан кейінгі 27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылды жəне ағаштар əктелінді. «Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі. «Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
    Түркістан облысында аталмыш іс-шара «Киелі мекен – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтуде. Игі бастама аясында қазақстандықтарға татулықта өмір сүруді дәріптейтін, қоғамдық сана қалыптастырып, жауапкершілікті арттыруды насихаттайтын қайырымдылық жəне мəдени іс-шаралар да өтуде.
    Бүгінде қоғамда экологиялық мәдениеттін қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр облыс тұрғындарының қатары аз емес екенін «Таза Қазақстан» акциясы аясында байқадық. Әр сенбі сайын халық өздеріне белгіленген жерді «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жасауда. Киелі өңір тұрғындарының облыс тазалығына, экологиясына бей-жай қарамайтыны қатты қуанатады. Олар айтулы акция аясында түрлі бастамаларды жүзеге асырады деген сенімдемі.
    Сонымен қатар, акция аясында ұрпақтар сабақтастығын жалғауды мұрат тұтқан Түркістан облысының полиция және пробация қызметінің қызметкерлері, пробация есебінде тіркеуде тұрған сотталған жастарды тарта отырып, ұрпақтар сабақтастығы ретінде облыстағы бірнеше еңбек ардагерлерінің аулаларындағы көктемгі егін жұмыстарына қол ұшын берді.
    Олар өздерімен бірге жұмыс құралдарын ала келіп, баспана аулаларын күл-қоқыстан тазартты, үй іргесіндегі жерлерін көктемгі егіске дайындау мақсатында аударып, тырмалап, су жүретін арық-атыздарды тартып берді.
    Экологиялық акция аясында ауданның орталық алаңындағы талдар әктеліп, демалыс орындары сырлануда және сәндік ағаштар отырғызылуда. Облыс орталығындағы мекемелердің ғимараттары айналасында да тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, облыс ардагерлері мен жастары орталық көшелердің бойы ретке келтіріліп, қапталындағы арықтар тазаланды. Жалпыхалықтық экологиялық акция Түркістан облысының барлық ауданындары мен қалаларында жалғасын тауып отыр.
    «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сипатты сөзді санаға түйген сақшылар мен есепте тұрған жастар жеміс және сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Аға буын мен кейінгі ұрпақ сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін осылай дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Ізгілік жолы Киелі өңірдің барлық қала мен аудандарында жалғасуда.

«ОПМ Правопорядок»

С 10.05 -30 05.2024 г. В городе Астана проводится...

Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын алу

20.05.2024 жылы Түрксіб ст. ЖПб ӘПб қызметкерлері және ӘТЖК...

БОРЬБА С ЗАКЛАДЧИКАМИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ

СОГЛАСНО ДАННЫМ ОРГАНИЗАЦИИ WORLD POPULATION REVIEW, ПО ИТОГАМ ПРОШЛОГО...

ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ РАБОТЫ ЗАВЕРШЕНЫ

ЗАВЕРШЕНЫ ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ РАБОТЫ В НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, ПОСТРАДАВШИХ...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ИЗ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ

КОМАНДА ИЗ ТРЕХ УЧАЩИХСЯ ИЗ БУЛАНДЫНСКОГО РАЙОНА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...