«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысының Атбасар қаласында жалғасуда

Атбасардағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына екі мыңнан астам адам, оның ішінде қала және аудан тұрғындары, қаланың барлық ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметкерлері қатысуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Қаланың бұрынғыдан да жарқырап, жайнап, көркейе түсуі үшін су тасқынынан кейін қала мен ауданның елді мекендерін ретке келтіріп, көшелерде көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізудің, саябақтар мен гүлзарларды абаттандырудың маңызы айырықша. ​Акцияға қатысушыларды орталық алаңда Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов қарсы алды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен елімізде 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Бұл акция әлі де жалғасын табуда. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылды, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.
13 сәуірге дейін өткізілген алғашқы «Таза өлке» аптасында іргелес аумақтар мен аулалар тазартылды.
20 сәуірге дейін «Киелі мекен» атауымен өткізілген апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды.
27 сәуірге дейін «Жасыл аймақ» тақырыбымен өткізілген апта барысында көшеттер отырғызылып, ағаштардың діңі әктелді. Атбасар ауданында барлығы 1613 көшет отырғызылды.
4 мамырға дейінгі «Өнегелі ұрпақ» деп аталатын кезең ардагерлер мен қарттардың үйлерінің төңірегі мен аулаларын тазалауға және абаттандыруға арналған.
“Мөлдір бұлақ» деген атпен өткен соңғы бесінші аптада ауыл-аймақтардағы өзендер мен көлдерді және олардың жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Атбасардың барлық тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылуға шақырамын. Қаламызды таза ұстау үшін бәріміз жұдырықтай жұмылып, бірлесе еңбек етейік! — деді аудан басшысы.
Акция аясында жалпықалалық жағажай, қаланың Есенберлин, Әуезов, Ағыбай батыр, тағы басқа көшелері сияқты абаттандырылатын аумақтар анықталды. Шаһардың орталық алаңында канадалық раушан көшеттері және сәндік бұталар отырғызылды.
Аудан әкімдігі ұсынған ақпарат бойынша, экологиялық акцияға аудан тұрғындары, Атбасар электровоз жөндеу зауыты, «Атбасар су» коммуналдық кәсіпорны, «Аждар и К» вагон жөндеу кәсіпорны, ауданның мемлекеттік мекемелері, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, коммуналдық қызметтер ұжымдарынан екі мыңнан астам адам қатысты.
Аудан бойынша барлығы 365 тонна қоқыс пен қалдықтар шығарылды.
Акцияға үлкен ықыласпен қатысқан Атбасар аграрлық-индустриалды колледжінің ұжымы мен студенттері, Жастар ресурстық орталығының белсенділері, еріктілер айырықша белсенділік танытқанын айта кеткен жөн.

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...