Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Министрлік өкілдері өңірдегі дипломатиялық миссиялар жергілікті жерде жұмысты үйлестіріп, қазақстандықтармен тұрақты байланыс орнатқанын атап өтті.
Таяу Шығыс елдерінен эвакуация басталғалы бері жалпы 8585 қазақстандық елге қайтарылды, – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер қақтығыс аймағында жүрген отандастарға қажетті консулдық қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр.




