ҚМДБ «әйелін шәкіртіне сыйға тартқан» имамға қатысты мәлімдеме жасады 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда резонанс тудырған «әйелін басқа ер адамға беруге болады» деген мазмұндағы пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекеттердің шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, интернеттегі подкастардың бірінде ресми діни құрылымға қатысы жоқ адамның үш әйелі барын айтып, олардың бірін өзінің шәкіртіне “сыйға тартқанын” ашық мәлімдеген болатын.

Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлының айтуынша, соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан кейбір пікірлер ислам дінінің атынан айтылғанымен, шын мәнінде оның қағидаларына сәйкес келмейді.

Атап айтқанда, жұбайын әдейі ажырасып, оны басқа адамға «беру» немесе соған итермелеу шариғатта құпталмайтын әрекет екені атап өтілді.

ҚМДБ өкілі қоғамда қызу талқыға түскен Құрбанәлі Ахмет есімді азаматтың ресми діни басқармаға қатысы жоқ екенін нақтылады.

Оның Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен ешқандай байланысы жоқ. Айтқан пікірлері ҚМДБ ұстанымын білдірмейді, – деді Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы.

Исламдағы неке және ажырасу

Мәлімдемеде исламда ажырасу рұқсат етілгенімен, бұл – Алла алдында ең ұнамсыз амалдардың бірі екені айтылды.

Ал ажырасқаннан кейін кіммен отбасы құру – әр адамның өз еркінде. Алайда әдейі ажырасып, басқа біреуге тұрмысқа шығуды ұйымдастыру шариғатта қолдау таппайды, — деп түсіндірді ол.

ҚМДБ өкілдері жекелеген адамдардың әрекеті үшін дінді айыптауға болмайтынын ескертті.

Сондай-ақ деструктивті ағымдардың ықпалына қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.