Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Депутаттың айтуынша, ұсынылып отырған нормалар мемлекеттік шығындарды оңтайландыруға және қаражатты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған заң жобасында бюджет қаражатын үнемдеуді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған нормалар да бар, — деді Болат Керімбек.

Атап айтқанда, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери немесе күштік құрылым қызметкері болса, қызмет бабымен ауысу кезінде олардың тек біреуіне ғана мүлкін тасымалдау шығындары өтелуі ұсынылады.

Мәселен, ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери немесе күштік құрылым саласы қызметшісі болса, онда қызмет бабында ауысқан кезде олардың тек біреуіне ғана өз мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу бойынша төлемдер жасау көзделеді, — деп нақтылады депутат.

Сонымен қатар, заң жобасында тағы бір түзету қарастырылған. Оған сәйкес, әскери және арнаулы оқу орындарынан үлгерімінің төмендігіне байланысты оқудан шығарылған офицер-магистранттар мен докторанттарға берілетін бірқатар өтемақыларды алып тастау ұсынылады.

Әскери және арнаулы оқу орнынан үлгерімінің төмендігіне байланысты оқудан шығарылған офицер-магистранттар мен докторанттардың көлікте жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді алып тастау ұсынылады, — деді Болат Керімбек.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.