Таяу Шығыстағы жағдай: Дубайға рейстер тағы тоқтатылды 

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстері кемінде 2026 жылғы 19 мамырға дейін орындалмайды. Рейстерді тоқтату мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы қазақстандық FlyArystan лоукостері хабарлады.

Компанияның мәліметінше, мұндай шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған. Бұл жағдай аталған бағыттағы рейстердің орындалуына әсер етіп отыр.

Бұған дейін рейстер 2026 жылғы 19 сәуірге дейін тоқтатылғаны хабарланған болатын, – делінген авиакомпанияның хабарламасында.

Күші жойылған рейстердің жолаушыларына сапарды кейінгі мерзімге ауыстыру немесе билеттің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі ұсынылған.

Қазіргі уақытта жағдай әлі де тұрақсыз күйінде қалып отыр. Рейстердің қайта қашан жанданатыны өңірдегі ахуалға байланысты болады.

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясы да Дубай бағыты бойынша рейстерді сәуір айының соңына дейін тоқтатқанын хабарлаған еді. Бұл шешім де Таяу Шығыстағы жағдаймен байланысты қабылданған.

ҚМДБ «әйелін шәкіртіне сыйға тартқан» имамға қатысты мәлімдеме жасады 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда резонанс тудырған «әйелін басқа ер адамға беруге болады» деген мазмұндағы пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекеттердің шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тегерандағы шабуылдардан ДДСҰ кеңсесіне зақым келді 

Иран астанасына жасалған шабуылдардан Тегерандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі зақымдалды.

1 сәуірге валюта бағамы 

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.