12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары

Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 шілдедегі №456 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңында белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі. Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды. Тауар белгісіне құқық куәлiкпен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады. Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi. Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды. Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер.Ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:                                                                        

1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;    

2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын; 

3) тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн; 

3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;          Мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi. Тауар таңбалары немесе олардың элементтерi ретiнде:  

1) тауарға немесе оның жасаушысына, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беретін тұлғаға, сондай-ақ тауар өндірілген жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн;                                                                                                                       

2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн;                                                                                                         

3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;                                                                                                       

4) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге жол берiлмейдi. Тауар белгісіне өтiнiмдi сараптама ұйымына бiр өтiнiм берушi бередi. Ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын пайдалану туралы оған қатысушылардың келiсiмiне сәйкес бiрлестiк атынан берiледi. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс. Өтінім: 1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi; 2) мәлiмделген белгiнi; 3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс. 

Өтінiмге:                                                                                                                                    1) сараптама жүргізгені үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;   

2) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;                                          

3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.                                 

4. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi бір ай мерзiмде олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады.        

5. Өтiнiм берiлген күн осы баптың 2-тармағының талаптарына сай өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда — табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi. Тауар таңбасының басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiмнiң түскен күнi бойынша белгіленедi. Егер сараптама жасау ұйымына өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, тауар таңбасының басымдығы (конвенциялық басымдық) Өнеркәсіптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елде, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымда тауар таңбасына бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер) берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Конвенциялық басымдыққа өтiнiш жасалған кезде өтiнiм берушi алғашқы өтiнiм нөмiрiн, берiлген күнiн және ол берiлген елдi көрсетіп, алғашқы өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркеуi қажет.Ресми танылған халықаралық көрмелердiң экспонаттарына орналастырылған тауар таңбасының басымдығы (көрмелiк басымдық), егер сараптама жасау ұйымына тауар таңбасына өтiнiм беру көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, көрмеде экспонатты ашық көрсете бастаған күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi. Өтiнiм бөлiнген жағдайда өтiнiмдердiң әрқайсысы бойынша басымдық алғашқы өтiнiмнiң басымдық күнi бойынша белгiленедi. Бөлiнген өтiнiмдер бойынша басымдық — сол өтiнiм берушiнiң алғашқы өтiнiмiнiң басымдық күнi бойынша, ал алғашқы өтiнiм бойынша неғұрлым ертерек басымдық белгiлеу құқығы бар болған кезде, егер бөлiнген өтiнiм берiлген күнге алғашқы өтiнiм қайтарылып алынбаса және қайтарылып алынған болып саналмаса және бөлiнген өтiнiмдi беру алғашқы өтiнiм бойынша шешiм шығарылғанға дейiн жүзеге асырылса осы басымдық күнi бойынша айқындалады. Тауар белгісінің алуан түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы алуан түрлi тауарларға қатысты өтiнiм берушiнiң бiр белгiлемеге берiлген бiрнеше өтiнiмi болған кезде оның өтiнiшхаты бойынша белгiленеді.

Бердібай Аблаев,

Кентау қаласының ауданаралық әділет басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушысы  

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...