«Татулық — достықтың киелі бесігі»

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА 155/8 мекемесі жанындағы кешкі (ауысымдық) мектебінде 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Татулық — достықтың киелі бесігі» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ұстаздар, білім алушылар және ЛА 155/8 мекеме басшылығымен қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі жыл сайын аталып өтетіндігі, Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттар өмір сүретіндігіне тоқтала кетті.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осыған дәлел 1995 жылдық наурызында дүние жүзіне үлгі боп отырған ұлтаралық татулық пен Қазақстан ассамблеясы тұрақтылықтың феномені құрылды.

Бұл ешбір елде құрылмаған ерекше саяси маңызы зор құрылым.

Іс-шарада білім алушылар арасында әр ұлт өкілдері өздерінің Қазақстанға келу тарихы туралы естеліктер айтып, өз ойларын ортаға салды.

1- Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне байланысты мектеп әкімшілігі білім алушыларды марапаттады.

Іс-шараға қатысқан қонақтар өздерінің алған әсерімен бөлісті.

Кеш соңында мектеп директоры  Ерік Кожумов  келген қонақтар мен қатысқан ұстаздар және білім алушыларды мерекелерімен құттықтап, барлығына алғысын білдірді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...