Тас жолдар бойына түйе-жылқының муляждары орнатылып жатыр

Маңғыстау облысының тас жолдарында түйелер мен жылқылар бейнеленген муляждар орнатылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

«Маңғыстау облысының Полиция департаменті өңірдегі жол-көлік оқиғалары бойынша статистиканы зерделеп, олардың туындауының негізгі себептері көлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асыруы және малдардың тас жолдардың бойында қараусыз жайылуы деген қорытындыға келді. Нәтижесінде республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдардың ең қауіпті учаскелерінде үй жануарларының муляждарын орнату туралы шешім қабылданды», деп жазады Polisia.kz.

«Үй жануарларының кескіні егжей-тегжейлі дәл суреттелген , олар алыстан тірі үй жануарларына ұқсайды. Жүргізушілер жақындаған кезде ғана олардың қарапайым макет екенін түсінеді. Аталмыш кескіндер жылдамдық азайтылуы тиіс жолдың қауіпті учаскелеріне орнатылуда», – деп атап өтті Департамент бастығы Ж.Бақтыбаев.

Қазіргі таңда Ақтау-Жетібай, Жетібай-Шетпе, Шетпе-Сайөтес, Сайөтес-Бейнеу, Жетібай-Жаңаөзен, Ақтау-Құрық және Бейнеу-Боранқұл бағытындағы тас жолдарда 13 үй жануарының муляжы орнатылды. Сонымен қатар, оларға қосымша жарық шағылыстырғыш белгілер де қойылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс 29 желтоқсанда басталды. Аталмыш муляждарды орнатумен “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы және “Қазақавтожол” ЖШС филиалы айналысады.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....