12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ МҮСІНДЕУ – ҰЛТ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қазақстанға қырық қала салып берген Қонаевтай атамызға тау тұлғасына сай, парасаты мен кісілігін айшықтайтын бір ескерткіш бұйыртпай тұрмыз. Бірнеше күннен бері Алматы облысының Бақанас ауылына тиесілі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың монументі көпшіліктің наразылығын туғызып отыр. Басы кішкентай, ал денесі тым жалпақ және ұзын ескерткіш Бақанас ауылындағы Қонаев атындағы саябаққа орнатылмақ болған.

Атап айта кетер жайт, бұл сынға ұшырап отыған еліміздегі алғашқы ескерткіш емес. Осыған дейін де Семей қаласының Жеңіс саябағына қойылған Мәншүк Мәметованың ағаш ескерткішін халық сынға алған болатын. Батыр қыздың ағаштан жасалған ескерткіші көзге тым оғаш көрінгендіктен, халықтың сынына ұшырап ақыры жергілікті билік мүсінді  алып тастауға мәжбүр болған еді. Шығыс Қазақстан өңірінде елдің наразылығына ұшыраған тағы бір композиция – Өскемендегі Абай мен Михаэлистің ескерткіші болатын. Ескерткіш орнатудың түпкі мақсаты белгілі бір тарихи оқиғаның маңызы мен мәнін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, қайраткерлердің өшпес бейнелерін есте қалдыру, сонымен қатар сол өңірдің тағылымдық-эстетикалық сәнін келтіруі тұрғысынан өлшейтін болсақ, эстетикадан жұрдай тұлға орнына кеспелтек ағаштай көрінетін пропорциясы жоқ мұндай ескерткіштер елімізде тым көбейіп кетті. Соның бірі Алматы облысында орналасқан Мұстафа Өзтүріктің скульптурасы тым бәкене бойымен, үлкен басына сай емес тұрқымен, яғни пропорция ескерілмегенімен назар аудартады. Алматы облысында орналасқан аты Райымбек Батырдікі болғанымен, түрі «Күн көсем» Ленинді еске түсіретін ескерткіш те талай рет көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында орналасқан Есет батырдың ескерткіші де батырдың аяғының тым қысқалығымен, мүсіншінің әлде үнемдеп, әлде тағы да сол пропорцияны «ұмытып», зор денеге тым қысқа аяқ салуымен ерекшеленген. Айта берсек, елімізде жаныңа эстетикалық ләззат сыйлаудан бұрын, езуіңе күлкі үйіретін мұндай ескерткіштер жетерлік. Ескерткіш мәселесін елемеуіміз елімізде пропорциялық дәлдікті елемеген, көркемдік деңгейі сын көтермейтін сол өңірдің мәдениетін көтерудің орнына, халықтың наразылығына тап болған ескерткіштердің көбеюіне себеп болуда.

Дінмұхамед Қонаев ұлтын сүйгіштігімен, халқына жанашырлығымен, әділдігімен ел есінде қалған ерекше тұлға. Сондықтан қайтыс болғаннан кейін, Қазақстан Ғылым академиясының Тау-кен және түсті металлургия институтына, еліміздің бірқатар мектептері, даңғылдары мен көшелеріне оның есімі берілді. Алматыда Д. А. Қонаев атында университет бар. Шымкент қаласында Қонаев даңғылының бойында да ескерткіші орнатылған. Халық сүйікті ұлының ескерткішінің алдына келіп тұлғаға тағзым етіп, туған күні мен өмірден қайтқан күндерінде құрмет көрсетуді жөн санайды. Яғни тарихи оқиғаларды, ұлы тұлғаларды және танымал қайраткерлерді мәңгі есте қалдырудың бірден-бір жолы ескерткіш орнату екені айқын. Сондықтан халық сұранысына сай еңселі ескерткіш орнатып қана қоймай, оның халықты ғана емес, шекара асып келген туристерді де тартатындай мекен болуына атсалысу керек. Атап айта кетер жайт, шу тудырып отырған Қонаев атамызға қойылған ескерткішті жасатуға Алматы облыстық әкімдігі бюджеттен ақша бөлінбегенін айтуда. Яғни «демеушілер қаржысына жасалып жатыр» деп ақталуда. Бірақ халық ақшасы емес деп тау тұлғаның болмысына сай емес ескерткішті қалай болса солай жасап, қоя салуға бола ма?! Тіпті оны көруге алыс жақыннан келетін тұлғаға тағзым етушілердің талғамын сыйламау емес пе бұл?! Айтпақшы Қонаев атымыздың ескерткіші оның туыстарының да көңілінен шықпаған көрінеді.

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері халық наразылығын туғызған кел келген нәрсені демеушілердің ақшасына жаба салу көбейіп барады. Яғни, «ақша қалтаңнан шыққан жоқ, тыныш отыр» деген пиғыл. Д.А. Қонаев атындағы «Соупа» қоғамдық-қайырымдылық қоры және Балқаш аудандық «Д. А. Қонаевтың 100 жылдығы» қорының тапсырыс беруімен, мүсінші — Бейсенов Алтай Исатайұлының қолымен тұрғызылған ескерткіштегі кемшіліктер алдағы уақытта халық сұранысына сай жөнделер деген үміттеміз. Қор бұл мүсінге 12 млн теңге бөліпті. Оның 8 млн теңгесі Алтай Бейсеновке төленген.

Маман пікірі

Олжас Мұхамеди, мүсінші:

  • Мұндай сүйкімсіз ескерткіштердің көбеюінің бірден бір сыры – қазір ескерткіштерді орнату, тапсырыс беру ісі жергілікті әкімдіктердің қадағалауына көшкен. Сәйкесінше ескерткіш жасауды кімге беруді де әкімдіктер шешеді. Мысалы дәл қазір дүниежүзі танитын, атақты, шебер мүсіншілер Қазақстанда тапсырыс ала алмай жүр. Өйткені конкурстарды әдейі біреуге арнап жасайды. Немесе жасау уақытына бір ақ ай уақыт береді. Ал бір айда ондай мүсінді ешкім жасай алмайды. Ал сол аралықта конкурс сырттай өткізіліп, ол мүсінді жасауды біреу бастап кеткен болуы мүмкін. Сол конкурс сол адамға арнайы көзбояушылық жасап ұйымдастырылған. Яғни елімізде ескерткіш жасау ісі осындай жемқорлық жүйеге байланған. Осының салдарынан елімізде көркемдік деңгейі мүлдем жоқ ескерткіштер көбейіп кетті. Жыл сайын академиялардан дарынды, қолы шебер, мүсіні тілсіз сөйлеп тұрған небір мүсіншілер диплом алып жатыр. Бұрыннан қалыптасқан, атақты мүсіншілеріміз де бар. Тек жүйе олардың қадіріне жете алмай отыр. Ешқашан конкурс болып жатқанын естімейміз. Тек мүсінді орнатып жатқанда ғана конкурс өткенін естіп жатамыз. Сондықтан осы салаға ашықтық керек. Мәдениет министрлігінің сайтында осындай мүсінге конкурс ұйымдастырылып жатқаны ашық, жариялы түрде жариялануы қажет. Сосын дипломсыз мүсіншілер конкурсқа қатыспауы керек. Біздің елімізде дипломсыз мүсіншілер де конкурсқа қатыса береді. Ол дұрыс емес. Мәселен ауырсақ дипломсыз дәрігерге бармаймыз ғой. Сол секілді мүсінді дипломсыз мүсінші жасамауы керек. Халықтың ақшасы емес деп ескерткіш жасау ісіне қалай болса солай қарамау керек. Өйткені ескерткіш көпшілік көріп, сүйсінетіндей дүние болуы қажет. Оның орналасатын жері, ескерткіштің бейнесі бәрі бәрі арнайы комиссияның шешімімен шешілуі керек. Тағы бір айта кетер жайт, кем дегенде бір ескерткішті жасауға алты ай уақыт қажет. Ал бізде бір ай, екі аптада ескерткішті жасап шығарады. Не деген асығыстық екенін түсінбеймін. Ондай ескерткіштердің сапасы төмен болатыны айтпаса да түсінікті. Жалпы қалаға ескерткіш ғана емес шағын скульптуралық дүниелер де керек. Бізде көбінесе ондайға мән бере бермейді. Шетелде сондай болмайтын бір ескерткіш турист шақырып тұрады. Қаланың бейнесін аша түсу үшін ондай дүинелер керек. Ал біз ескерткішті тек тұлғаларға арнаймыз. Сондықтан қатаң қадағалаумен, арнайы көркемдік кеңеспен оның бәрі саралануы керек.

 

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Дань уважения коллеге

АЛМАТИНСКИЕ СУДЬИ ПРОВЕЛИ ТУРНИР ПО БИЛЬЯРДУ, ПОСВЯЩЕННЫЙ ПАМЯТИ СУДЬИ...

Право должно защищать, а не карать за инициативу

НЕДАВНО СМИ КАЗАХСТАНА ОБЛЕТЕЛА НОВОСТЬ – НА УПРАВЛЯЮЩЕГО ПАРТНЕРА...

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

НА СТРАЖЕ МИРА В ПЛАМЕНИ ВОЙНЫ

Великая Отечественная война – это не только битва на...

Хакатон – форум для программистов 

В Атырау прошел первый этап конкурса «Atyrau Youth Hackathon»,...