Таразда тестілеуден кейін «Сергек» камералары іске қосылды

Жамбыл облысының полиция департаменті 16 қаңтардан бастап облыс орталығында «Сергек» жол қауіпсіздігі жүйесін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35 — желілік учаскеде және 13 — қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерiн сақтамау (аялдама сызығына соғылу, қиылыстың алдында дұрыс орын ауыстырмау, тыйым салынған жерде тоқтау) сияқты жол ережесін бұзу фактілерін тіркейді.

Тіркеу автоматты режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі.

БТіркелген бүкіл фактілер Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бірыңғай тізіліміне автоматты түрде тіркеледі.

Хаттаманы электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен erap-public.kgp.kz және egov.kz сайттарынан, сондай-ақ Каспи банкінің мобильді қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінен жүктеуге болады.

Аппараттық-бағдарламалық кешенде тіркелген жол ережесін бұзу фактісімен келіспеген жағдайда Жамбыл облысының полиция департаментіне хабарласуға болады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...