Таразда пәтер кезегінде қайтыс болған адамдар тұрғаны анықталды

Таразда баспана кезегінде қайтыс болған адамдар тұрғаны анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексеруі қайтыс болған 257 азаматтың пәтер кезегінде тұрғанын көрсетті. Сонымен қатар, екі мыңға жуық адам бойдақтар тізімінде болған, алайда олар некеде.

Кезекте тұрғандардың үш мыңы түрлі жылжымайтын мүлікке иелік етеді, 80-ге жуық адам облыста тіркелмеген, 17-сі басқа елдерде тұрады. Анықталған адамдардың бәрі пәтер кезегіне мемлекеттік қызметкер, мүгедек, жетім және басқа да әлеуметтік осал топ өкілдері ретінде тіркелген. Тексеру жалғасып жатыр.

«Қазірде мониторинг нәтижелері әкімдіктерге жолданды. Ведомствоның араласуы нәтижесінде 1075 адам кезектен шығарылды. Қалған 4650-і бойынша кезектен шығару шаралары жүргізіліп жатыр, яғни, ҚР заңнамасы аясында», — деді Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының аға қызметкері Жәнібек Сұлтанов.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...