ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ

Дауды шешудің ең жақсы әдістерінің бірі медиация болып табылады және тараптар арасындағы дауды шешудің баламасы болып табылады. Бүгінгі таңда бұл рәсім еліміздің сот жүйесін дамытудағы басым бағыты болып табылады. Өзектілігі, ең алдымен судьялардың жүктемесін азайту қажеттілігіне байланысты пайда болды.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылғы 05 тамызда күшіне енді. Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Медиацияның негізгі принциптері-еріктілік, құпиялылық, өзара сыйластық, тараптардың теңдігі, медиатордың бейтараптығы мен әділдігі, рәсімнің ашықтығы.
Медиация істердің барлық санаттары бойынша және тіпті онша ауыр емес және ауырырлығы орташа қылмыстық істер бойынша да қолданылады.
Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы 01 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді (ӘРПК).
ӘРПК нормалары әкімшілік сот ісін жүргізуде тараптардың татуласуын көздейтін ережені қамтиды, тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.
Сот (судья)тараптарды татуластыру үшін шаралар қабылдайды, оларға процестің барлық кезеңдерінде дауды реттеуге ықпал етеді.
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары істерді қарастыру барысында ӘРПК-де көзделген татуластыру рәсімдерін белсенді қолданады.
2023 жылы аяқталған істердің барлығы-1081,оның ішінде татуластыру рәсімдері аясында 157 іс аяқталды.
Сот медиациясы- бұл екі тарапты да қанағаттандыратын және жанжал деңгейін төмендететін өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу. Сот процессінен айырмашылығы, медиация кезінде «кінәлі» немесе «кінәсіз» тараптар болмайды. Өйткені құқықтың осы саласының принциптері адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқа сөзбен түсіндіргенде, медиация мүмкіндігінше істі сотқа жеткізбеуді көздейді.Демек, шығындар деңгейі төмендейді және уақытты үнемдейді. Сонымен қатар, медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді,яғни медиаторға процесс барасында белгілі болған ақпараттарды тараптардың келесімінсіз жария етуге мүмкіндік бермейді.
Азаматтар да, заңды тұлғалар да медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда, сот жүйесіндегі жүктемені төмендетеді, яғни күрделі істерді қарастыру сапасын арттырады.


Қостанай облысының МАӘС-ның
судьясы А.Б.Жауарова

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов

Казахстан принял председательство в Союзе тюркских горнолыжных курортов. Председателем...

Қазақстан Түркі елдері тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді. Алдағы...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: сенімді көрінетін бейне енді оның шынайылығының дәлелі емес

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктерді жасауға арналған заманауи...

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...