Танымал ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті

Танымал тарихшы ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалым 19 мамырда таңертең ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Әнуар Ғалиев өмірін тарихты зерттеуге, оның ішінде, этносемиотиканы зерттеуге арнаған ғалым. 

Айта кетейік, Әнуар Ғалиев 1959 жылдың 10 тамызында Шымкентте дүниеге келген.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің Халықаралық Қыпшақтану Орталығының аға ғылыми қызметкері. 1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің Тарих факультетін тәмамдаған.

Тарихшы, этносемиолог. International Assotiation for Semiotic Studies атқарушы комитетінің мүшесі; American Index for Central Asian Scholarship (АҚШ), Алтайлық зерттеу (РАН антропология және этнология Институты), Cultural Values (СПбГУ, Филология факультеті) редакциялар алқасы мүшесі.

Басты зерттеу бағыттары — түркі және иран тілді халықтардың таңбалау жүйесі, Орталық Азия халықтарының дәстүрлі институты болған. 

Алматы, Киев, Уфа, Владикавказ, Грозный, Омбы, Анкара, Блумингтон және Саппоро қалаларында Халықаралық конференцияларға қатысқан.

60-тан астам ғылыми еңбегі Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Жапонияда жарияланған.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...